Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының 2022-2023 оқу жылына бекітілген күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 76 мектеп-лицейінің мәжіліс залында «Мектептердегі оқушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру, мектептегі спорт клубтары мен дене шынықтыру және спорт кеңестерінің негізгі міндеттері туралы» нұсқаулық-әдістемелік кеңес өтті. Кеңесте мектеп спорт клубтарының жағдайы, мектеп спорт клубының құрылымы, мектеп спорт клубының жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұны, мектеп спорт клубының материалдық-техникалық базасы, құқықтары мен міндеттері және оның қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы мәселелер қаралды. Кеңеске мектеп спорт клубтарының меңгерушілері және Астана қаласы білім беру мекемелерінің мектеп спорт клубтары кеңестерінің төрағалары қатысты.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/348-dyukfp-rken-provedeno-soveshchanie-2.html#sigFreeIdbf50543426