"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2022 жылғы 3-14 қазан аралығында бюджеттік негізде дәстүрлі форматта Қазақстанның барлық өңірлерінде орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтеді.

80 академиялық сағат көлемінде қазақ және орыс тілдерінде өтетін курста жалпы Астана қаласы мектептерінің 70 дене шынықтыру мұғалімдері қатысып жатыр.

Білім беру бағдарламасы педагогтердің пәндік саладағы кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. Курстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі.