Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Астанада Ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанатына қатысты
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылғы 15 қазанда елордалық №37 мектеп-лицейінде өткен Ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Министр былтыр оқушылар арасындағы Дүниежүзілік гимназиадаға қазақстандық оқушылар алғаш рет қатысып, командалық есепте үшінші орын алғанын атап өтті. Сондай-ақ, ведомство басшысы 2022-2023 оқу жылында Ұлттық мектеп лигасына бірқатар жаңалық енгізілгеніне тоқталды. Биылдан бастап шахматтан жарыстар алғаш рет енгізіліп отыр.
Биыл да Лига арқылы дене шынықтыру мұғалімдерінің рейтингін өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, спорт федерацияларымен бірлесіп, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары өтеді.
Ұлттық мектеп лигасын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы 2015 жылдан бері өткізіп келеді. Лига төрт кезеңнен тұрады: мектепішілік іріктеу, аудандық/қалалық жарыстар, облыстық тур және қорытынды республикалық жарыстар.
Қалалық Ұлттық мектеп лигасы Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы мен Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясымен ұйымдастырылып, өткізіледі.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/369-aza-stan-respublikasyny-o-u-a-artu-ministri-astanada-ltty-mektep-ligasyny-ashylu-saltanatyna-atysty.html#sigFreeIdce5733e8a7