2023 жылғы 6-17 ақпан аралығында паралимпиадалық жаттығу орталығы базасында қала мектептерінің 70 дене шынықтыру мұғалімі бюджеттік негізде 80 сағат көлемінде "Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту" тақырыбында ҚР оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.
2023 жыл ішінде қала мектептерінің 511 дене шынықтыру мұғалімі осы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, бұл «Дене шынықтыру» пәні бойынша сабақтарда оқыту сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.
View the embedded image gallery online at:
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/410-biliktilikti-arttyru-kurstary-tude.html#sigFreeId49cce45cab
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/410-biliktilikti-arttyru-kurstary-tude.html#sigFreeId49cce45cab