2023 жылғы 11 ақпанда Астана қаласының №24 орта мектебінде 2022-2023 оқу жылына арналған Астана қаласының білім беру ұйымдарының әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңі шеңберінде асық ату мен бес асықтан өткен жарыстарының ақтық кезені мен жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті! Асық ату мен бес асықтан 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасы жарыстары 2023 жылғы 30 қаңтар - 11 ақпан аралығында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің спортзалдарында ұйымдастырылып өткізілді. Жарысқа жалпы білім беретін мектептердің 477 оқушы қатысты, оның ішінде 273 ұлдар, 204 қыздар. Ұлдар арасында жарысқа 91 мектеп, қыздар арасында 68 мектеп қатысты.
Жарыстың құрметті қонақтары: Қазақстан Республикасы Асық ату Фдерациясының Президенті, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жомарт Сабыржанұлы Сабыржанов, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы Сенғазыев. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының медаль, диплом, кубоктармен марапатталады. Жарыс жеңімпаздары Астана қаласы атынан асық ату мен бес асықтан республикалық Ұлттық мектеп лига жарысында өнер көрсетеді.
Жарыс қорытындысы:
Бес асық 5-6 сыныптар
3 орын №85 мектеп-лицей
2 орын №55 орта мектеп
1 орын №24 орта мектеп
Бес асық 7-8 сыныптар
3 орын №55 орта мектеп
2 орын №22 мектеп-гимназия
1 орын №24 орта мектеп
Бес асық 9-11 сыныптар
3 орын №67 мектеп-гимназия
2 орын №86 мектеп-гимназия
1 орын №24 орта мектеп
Асық ату 5-6 сыныптар
3 орын №42 орта мектеп
2 орын №65 мектеп-гимназия
1 орын №85 мектеп-лицей
Асық ату 7-8 сыныптар
3 орын Қ.Сәтпаев атындағы Binom school Uly Dala
2 орын №7 мектеп-гимназия
1 орын №55 орта мектеп
Асық ату 9-11 сыныптар
3 орын №79 мектеп-лицей
2 орын №7 мектеп-гимназия
1 орын №8 мектеп-лицей
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/412-asy-atu-men-bes-asy-ltty-ojyndar-zharysy.html#sigFreeIdc46984f8a2