2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспары негізінде Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы 2023 жылғы 14-16 наурыз аралығында қалалық оқушылар Гимназиадасы бағдарламасында тоғызқұмалақтан жарыстар ұйымдастырып, өткізді.
Жарысқа Астана қаласының 48 мектебінен 144 оқушы қатысты.Финалдық ойындар №61 мектеп-лицейінде өтті.
Жарыс қорытындысы:
1 тақта
1 орын - Бекмахан Әділет - №24 ОМ
2 орын-Махмұтжан Әзімжан - № 86 МГ
3 орын-Нұрғазин Ермос - № 7 МГ
2 тақта
1 орын-Өмірзақ Айша - №24 ОМ
2 орын - Анварбек Сандуғаш - №86 МГ
3 орын-Сайлаубекова Ильмира - № 37 МЛ
3 тақта
1 орын-Әуелбай Раушан - №24 ОМ
2 орын-Құдайберген Ерасыл - №86 МГ
3 орын-Балташев Ерлан - № 37 МЛ
Жарыс қорытындысы бойынша I орынды №24 орта мектептің құрама командасы, II орынды №86 мектеп - гимназиясы, III орынды №37 мектеп - лицейі, ІV орынды №7 мектеп-гимназиясы жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубок, медаль және дипломдарымен марапатталды.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/432-o-ushylar-gimnaziadasy-ba-darlamasynda-to-yz-mala-tan-zharys-aya-taldy.html#sigFreeIded3ff7c344