"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Колледж студенттері арасында шахматтан жарыс аяқталды

2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023 жылғы 28 наурызда Астана қаласының колледж студенттерінің Спартакиадасы шеңберінде ұлдар мен қыздар арасында шахматтан жарыс өтті. Жарысқа 12 колледж (48 студент) қатысты. Финалдық ойындар М.Жұмабаев атындағы Халықаралық колледжінде өтті.

 

Қорытынды кесте                                                  

Колледждер

Орын

1

ЕҰУ колледжі

1

2

Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі

2

3

Көлік және коммуникация жоғары колледжі

3

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.