2023 жылдың 4 сәуірінде Астана қаласының Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Дене шынықтыру» оқу пәнінің дамыту перспективалары және оның үйлесімді тұлғаны тәрбиелеудегі рөлі» тақырыбында дене шынықтыру мұғалімдерінің І республикалық съезі өтті.
Съезге Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, білім беру қызметкерлері кәсіподақтарының Республикалық Федерациясының, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының», өңірлік дене шынықтыру орталықтарының өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жетекші дене шынықтыру оқытушылары қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушы: «Дене шынықтыру мұғалімдерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/438-dene-shyny-tyru-m-alimderini-i-respublikaly-s-ezi-tti.html#sigFreeId240e8d1375