ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ШАХМАТТАН БІРІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
2023 жылғы 2-4 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен оқушылар арасындағы шахматтан республикалық Олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Астананың командасы, екінші орынды Алматыдан келген оқушылар және үшінші орынды Батыс Қазақстан облысынан келген команда жеңіп алды.
Олимпиада Халықаралық Шахмат федерациясының ережелері бойынша рапид (командалық) форматында өтті.
Шахматтан республикалық Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық 2-11 сынып оқушылары қатысты. Жарыс жеңімпаздарына кубоктар, медальдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Астана қаласының құрама командасы:
Хен Андрей - №10 мектеп
Берікқызы Аланна - №91 мектеп
Ансат Алдияр - №70 мектеп
Рахат Едіге - №82 мектеп
Оразалина Нұрсұлу-Алтынсарин атындағы БИНОМ
Жанболат Мерей - №76 мектеп
Тюлюпов Кумар - № 84 мектеп
Найманов Ғалымжан - № 61 мектеп
Қайрбекова Амина - № 70 мектеп
Муржусупова Томирис - №54 мектеп
Жаттықтырушы-өкіл-Салкимбаев М. М.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ қатысушыларды Олимпиадаға дайындаған елордалық дене шынықтыру оқытушыларын құттықтаймыз!
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/441-r-shakhmat-olimpiadasy.html#sigFreeIdea65cd6445