"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

«Достық» атты волейбол турнирі аяқталды

2023 жылдың 4 сәуірінде Астана қаласының №43 қосымша білім беру орталығы-мектебінде елорданың білім беру саласының қызметкерлері арасында «Достық» волейбол турнирінің финалдық ойындары өтті. Ойындар 2023 жылдың 7 наурызы мен 4 сәуірі аралығында өтті.    Ойындар қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын - «Есіл» ауданы

2 орын - «Өркен» БЖДТО

3 орын - «Байқоңыр» ауданы

4 орын - «Алматы» ауданы

5 орын - «Сарыарқа» ауданы

6 орын - «Кәсіп» командасы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командаларының ойыншылары кубоктармен, медальдармен және дипломдармен, үздік ойыншылар Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.