2023 жылдың 7 сәуірінде Астана қаласы мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдеріне сертификаттар табысталды. Олар бюджеттік негізде 80 сағат көлемінде «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбында ҚР оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК біліктілікті арттыру курстарының бесінші ағымының тыңдаушылары болып табылады. Жыл басынан бері Паралимпиадалық жаттығу орталығы базасында елорда мектептерінің дене шынықтыру пәнінің 150 мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2023 жыл ішінде қала мектептерінің дене шынықтыру пәнінен барлығы 511 мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, бұл «дене шынықтыру» пәні бойынша сабақтарда оқыту сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/447-biliktilikti-arttyru-kurstaryny-sertifikattary-tabystaldy.html#sigFreeIdc78710730d