ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ЖӘНЕ АСТАНАНЫҢ
25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН
"СЕРГЕК РУХ ПЕН ДЕНІ САУ ДЕНЕ,
СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУ -ДҰРЫС ІС!»
ҚАЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
2023 жылдың 11 мамырында Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп- гимназиясында Халықаралық отбасы күніне және Астананың 25 жылдығына орай «СЕРГЕК РУХ ПЕН ДЕНІ САУ ДЕНЕ, СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУ -ДҰРЫС ІС!» оқушылардың эссе байқауы өтті. Байқауға Астана қаласының 7-9 сыныптағы 14 мектептің 27 оқушысы қатысты.
Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері қазылар алқасының мүшелері қойған балдардың ең көп сомасы бойынша келесі критерийлер бойынша анықталды:
* Негізгі тақырыпты ашу
* Өз ұстанымын ұсыну және түсіндіру
* Берілген пікірлер мен дәлелдердің сипаты мен деңгейі.
Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын - Аяулым Бұхарбай - № 86 мектеп-гимназия;
2 орын - Жамиля Қайроллаева - № 59 мектеп-лицейі;
3 орын - Нұрбибі Маратқызы - № 42 орта мектебі;
4 орын - Екатерина Власова - № 27 мектеп-лицейі;
5 орын - Амалия Туребаева - № 14 мектеп-гимназия.
Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының дипломдармен марапатталды
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/460-khaly-araly-otbasy-k-nine-zh-ne-astanany.html#sigFreeId407552dd5b