"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Шахматтан Астана қаласы оқушылары арасындағы іріктеу кезеңі өтті

Шахматтан Астана қаласы оқушылары арасындағы

іріктеу кезеңі өтті

2023 жылғы 18-19 мамырда №73 мектеп-лицейінде «Астана қаласының шахмат федерациясы» ҚБ және Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар  мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы» МКҚК жалпы білім беретін мектептер арасында шахматтан әлем чемпионатына алғашқы қалалық іріктеу кезеңін ұйымдастырып, өткізді.  

12 жасқа дейінгі турнирге Астана қаласының 30 мектебінен 138 оқушы (118 ұл, 20 қыз), 18 жасқа дейінгі турнирге Астана қаласының 28 мектебінен 119 оқушы (107 ұл, 12 қыз) қатысты. 

Орындар келесідей бөлінді:

12 жасқа дейінгі турнирінде - 1 орын №72 мектеп-лицей командасы, 2 орын - № 79 мектеп - лицей командасы, 3 орын - РФМШ командасы.

18 жасқа дейінгі турнирде - 1 орын РФМШ, 2 орын - № 72 мектеп - лицей командасы, 3 орын - НИМ командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.