"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Балаларды қорғау күніне арналған «Футбол марафоны»

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ

«ӨРКЕН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

ОРТАЛЫҒЫ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Балаларды қорғау күніне арналған ұлттық және халықтық спорт

түрлері бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу

 

2023 жылғы 1 маусымда сағат 12.00. «Жетісу» саябағында Балаларды қорғау күніне арналған ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтеді.

Аталған іс-шаралар - қаланың барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мереке атмосферасын құруға мүмкіндік беретін, білім алушылардың ұлттық және халықтық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыратын қалалық акция.

Турнирдің мақсаты - ұлттық және халықтық спорт түрлерімен шұғылдану арқылы балалардың шапшаңдығын, күшін, ептілігін дамытуға жәрдемдесу.

Турнирді өткізудің үйлестірушілері: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы.

Турнирге қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар).   

Іс-шараның өтетін орны: «Жетісу» саябағы.

Турнирді өткізу форматы: асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, арқан тарту, гір спорты, ләңгі тебуден жарыстар.   

Байланыс телефондары: +7-701-294-6496, +7-707-342-0807.