"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

«Дидарлы жаз - 2023»

«Дидарлы жаз - 2023» жылжымалы ойындары бойынша жарыс регламенті негізінде,  2023 жылғы 26-27 шілдеде Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығында «Қала ішіндегі қала» жылжымалы ойындары бойынша жарыстар өтті.                                                      

Жарысқа елорданың 8 мектебінен 98 қатысушы (ұлдар мен қыздар) қатысты.                                                                      

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды №22 мектеп-гимназиясы,                          

2 орынды №44 орта мектебі, 3 орынды № 37 мектеп - лицейі жеңіп алды.          

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының және Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясының кубоктарымен, дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.