2023 жылғы 5 қазанда «Жастар театрында» Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы «Ұстаздар күніне» салтанатты іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Салтанатты іс-шарада дене шынықтыру оқытушыларын, спорт ардагерлерін, спорт түрлері бойынша төрешілерді, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, халықаралық, республикалық, қалалық жарыстарды, Гимназиаданы, ұлттық мектеп лигасын, колледж Спартакиадасын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара бағдарламасында концерттік нөмірлер ұсынылды.
Іс-шараның құрметті қонақтары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми - практикалық дене тәрбиесі орталығы», Астана қаласы білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірідмер дене тәрбиесі орталығының басшылары.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/496-stazdar-k-nine-arnal-an-saltanatty-is-shara.html#sigFreeIdd212130fd3