"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Қалалық Гимназиада мен Ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанаты мен марапаттау рәсімі өтті

2023 жылғы 27 қазанда Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №56 мектеп-лицейінде  Астана қаласының білім беру ұйымдарының 2023-2024 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралары мен жарыстарының күнтізбелік жоспарына сәйкес, қалалық Гимназиада мен Ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанаты мен марапаттау рәсімі өтті (волейбол-ұлдар, баскетбол-қыздар)!

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының, Астана қаласы  Білім басқармасының және Астана қаласы Дене тәрбиесі мен спорт басқармасының басшылары қатысты.

Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №56 мектеп-лицейінің әкімшілігі.