"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

2023-2024 оқу жылының бірінші жартыжылдығының қорытындысы шығарылды

2023-2024 оқу жылының бірінші жартыжылдығының қорытындысы шығарылды

2023 жылғы 26 желтоқсанда Астана қаласының №37 мектеп-лицейінде мектептер мен колледждердің дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері басшыларының қорытынды кеңесі өтті.

Кеңеске «Өркен» БЖДТО әкімшілігі, аудандық БЖДДК меңгерушілері, әдіскерлер мен спорт нұсқаушылары қатысты. Кеңесте орталықтың 2023-2024 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы жұмыс жоспарын іске асыру қорытындысы шығарылып, екінші жартыжылдықтағы қызметтің негізгі бағыттары айқындалды.