Ұлттық спорт түрлері бойынша теориялық және практикалық семинар өтті
Астана қаласы білім басқармасының 2023-2024 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру - сауықтыру және әскери-спорттық іс-шаралары мен жарыстарының күнтізбелік жоспары негізінде 2024 жылғы 11 қаңтарда М. Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында «Ұлттық ойындарды үйрету және оқыту әдістері» тақырыбында Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру оқытушыларының қатысуымен теориялық және практикалық семинар өтті. Семинар барысында М. Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің оқытушылары семинарға қатысушыларды «Асық ату», «Бес тас», «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындарының ережелерімен таныстырды, оқушылар осы спорт түрлерінен шеберлік көрсетті. Семинар бағдарламасында №86 мектеп-гимназия оқушыларымен концерттік нөмірлер ұсынылды. Семинар қорытындысы бойынша №86 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру оқытушылары Омарова Айсұлу Кәрібайқызы, Өскенбаева Айнұр Өмірбекқызы, Есенгелдина Гүлнұр Асылбекқызы, Дәуір Асылбек Дәуірұлына Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының тиісті сертификаттары табысталды. Астана қаласы әкімдігінің М. Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясының әкімшілігіне осы семинардың жоғары ұйымдастырылғаны үшін Алғыс білдіреміз!
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/551-ltty-sport-t-rleri-bojynsha-teoriyaly-zh-ne-praktikaly-seminar-tti.html#sigFreeIdf1ac44fcd0