Астана қаласы әкімдігінің «ӨРКЕН» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік іс - шаралар жоспарына (Білім басқармасының 12.09.2023 ж. № 1934 бұйрығымен бекітілген) сәйкес ҚР ОАМ ҰҒПДТО «Дене тәрбиесінің үздік мұғалімі» республикалық конкурсын өткізу туралы Ережені басшылыққа ала отырып, 29.02.2024 жылы «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2024» қалалық конкурсының екінші кезеңінің 1 - туры өтті. Конкурс кәсіби қызметті жетілдіруге ынталы шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау мақсатында өткізіледі. Байқаудың негізгі қағидаттары ашықтық болып табылады, бағалау критерийлері, шешім қабылдаудың алқалылығы, барлық қатысушылар үшін жағдайдың теңдігі. 22.02.2024 жылы өткен конкурстың (сырттай) бірінші кезеңі аясында қазылар алқасы конкурсанттардың кәсіби портфолиосына сараптама жүргізді. Конкурсқа қатысу үшін, кандидатураларды ұсынуды білім беру ұйымдары жүзеге асырды. Конкурсқа қатысу үшін, ұйымдастыру комитетіне конкурсанттар келесі құжаттарды ұсынды: сауалнама-өтінім (қатысушы толтырады), пікір-сипаттама (білім беру ұйымының әкімшілігі береді), кәсіби портфолио (еркін нысанда). Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы конкурстың екінші кезеңіне (күндізгі) қатысу үшін конкурсқа қатысушыларды анықтады: 1.Жүсіпов Аслан Ғабделмажитұлы - 18 ОМ дене шынықтыру мұғалімі
- Тагиров Рафаэль Салаватович - 22 МГ мектеп дене шынықтыру мұғалімі
- Каресов Айбек Ерболатұлы - 24 ОМ дене шынықтыру мұғалімі
- Уажанов Мұрат Еркенұлы - 27 МЛ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
- Дорофеева Наталья Николаевна - 27 МЛ дене шынықтыру мұғалімі ШЛ
- Жұмашев Мәди Жексембайұлы - 60 МЛ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
- Нұржауов Рамазан Қайратұлы - 64 МЛ дене шынықтыру мұғалімі
- Мақсұтов Бижан Меңдебайұлы - 83 МГ мектеп дене шынықтыру мұғалімі
- Қайыпханов Нұржан Қайыпханұлы - 84 МЛ дене шынықтыру мұғалімі
- Қанатбек Нұрым - 96 МЛ дене шынықтыру мұғалімі
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/581-zdik-dene-t-rbiesi-m-alimi-2024-alaly-konkurs-tkizu-turaly-a-parat.html#sigFreeId24ed95e946