"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

«Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2024» қалалық байқау өткізу туралы ақпарат

Астана қаласы әкімдігінің «ӨРКЕН» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік іс - шаралар жоспарына (Білім басқармасының 12.09.2023 ж. № 1934 бұйрығымен бекітілген) сәйкес, ҚР ОАМ ҰҒПДТО «Дене тәрбиесінің үздік мұғалімі» республикалық конкурсын өткізу туралы Ережені басшылыққа ала отырып, «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығында 2024 жылғы 6 наурызда «Дене тәрбиесінің үздік мұғалімі» қалалық байқаудың екінші кезеңінің «Педагогикалық идеялар панорамасы» екінші кезеңінің 2 - туры өтті. Байқау кәсіби қызметті жетілдіруге ынталы шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау мақсатында өткізіледі. Байқаудың негізгі қағидаттары - ашықтық, бағалау критерийлері, шешім қабылдаудың алқалылығы, барлық қатысушылар үшін жағдайдың теңдігі болып табылады. Байқаудың қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың өнерін келесі критерийлер бойынша бағалады: Тәжірибенің жетекші педагогикалық идеясын ажырата білу; Жетекші педагогикалық идеяны іске асыру технологиясын аша білу; Педагог қызметінің нәтижелілігінің ұсынылған тәжірибесіндегі көрініс; Басқа білім беру ұйымдарында ұсынылған педагогикалық тәжірибені қолдану мүмкіндігі; Кәсіби қалыптасу рефлексиясы. Қатысу нәтижелері бойынша - ең көп ұпай жинаған 8 қатысушы келесі турға өтті: Жүсіпов Аслан Ғабделмажитұлы - 18 ОМ дене шынықтыру мұғалімі. Тагиров Рафаэль Салаватович - 22 МГ дене шынықтыру мұғалімі. Каресов Айбек Ерболатұлы - 24 ОМ дене шынықтыру мұғалімі. Дорофеева Наталья Николаевна - 27 МЛ дене шынықтыру мұғалімі. Жұмашев Мәди Жексембайұлы - 60 МЛ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Нұржауов Рамазан Қайратұлы - 64 МЛ дене шынықтыру мұғалімі. Қайыпханов Нұржан Қайыпханұлы - 84 МЛ дене шынықтыру мұғалімі. Қанатбек Нұрым - 96 МЛ дене шынықтыру мұғалімі.