Астана қаласы әкімдігінің «ӨРКЕН» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік іс - шаралар жоспарына (Білім басқармасының 12.09.2023 ж. № 1934 бұйрығымен бекітілген) сәйкес, ҚР ОАМ ҰҒПДТО «Дене тәрбиесінің үздік мұғалімі» республикалық конкурсын өткізу туралы Ережені басшылыққа ала отырып, «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығында 2024 жылғы 14 наурызда №27 мектеп - лицейінде «Дене тәрбиесінің үздік мұғалімі» қалалық байқаудың кезекті кезеңі өтті. Байқау кәсіби қызметті жетілдіруге ынталы шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау мақсатында өткізіледі. Байқаудың негізгі қағидаттары - ашықтық, бағалау критерийлері, шешім қабылдаудың алқалылығы, барлық қатысушылар үшін жағдайдың теңдігі болып табылады. Ашық дене шынықтыру сабағын Астана қаласының № 27 мектеп - лицейінің дене шынықтыру мұғалімі (хореограф) Дорофеева Наталья Николаевна өткізді.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/595-zdik-dene-t-rbiesi-m-alimi-2024-alaly-baj-au-tkizu-turaly-a-parat-3.html#sigFreeId1371faa7cb