"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Дене шынықтыру пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті

2024 жылғы 5 сәуірде Астана қаласының №37 мектеп - лицейінде дене шынықтыру пәнінің бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті. Отырысқа Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының қызметкерлері, Астана қаласының дене шынықтыру пәнінің бірлестік жетекшілері, Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясының өкілдері қатысты. Талқыланған сұрақтар:
1. Педагогтардың аттестациясының ережелерін түсіндіру;
2. Гимназиада шеңберінде өтетін жазғы Президенттік көпсайыс жарысының төрешілік жиналысы;
3. Білім қызметкерлерінің Спартакиадасы шеңберінде шағын - футбол жарысының жеребе рәсімі;
4. «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық фестиваль туралы, төрешілік алқасы.