"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Қалалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

2024 жылғы 17 мамырда Астана қаласының №66 мектеп - лицейінде білім беру жүйесі қызметкерлерінің денсаулығы Спартакиадасы бағдарламасы бойынша үстел теннисі, шаңғы жарысы, волейбол, тоғызқұмалақ және шағын - футбол бойынша өткізілген жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының және Астана қаласының Білім беру қызметкерлері Кәсіподағының басшылары қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласының Білім беру қызметкерлері Кәсіподағының кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.