"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Астана қаласының білім беру жүйесі қызметкерлерінің «Денсаулық Спартакиадасы - 2024» аяқталды

2024 жылғы 26 - 28 мамыр күндері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырғанАстана қаласының білім беру жүйесі қызметкерлерінің «Денсаулық Спартакиадасы - 2024» бағдарламасындағы «Туған жер - 2024» туристік слёті, Ақмола облысының Ақкөл ауданында «Арман» балалар сауықтыру орталығында өткізілді. Туристік слётке Астана қаласының 26 мектебінен 450 білім беру жүйесінің қызметкерлері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды № 65 мектеп - лицейінің командасы жеңіп алды, ІІ орында - № 43 мектеп - гимназиясы, ІІІ орында - № 37 мектеп - лицейі. Жарыстың жеңімпаз бен жүлдегер командалары Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының және Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының грамота, медаль, кубок және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Астана қаласының білім беру жүйесі қызметкерлерінің «Денсаулық Спартакиадасы - 2024» қорытындысы бойынша жалпы командалық есеп (6 спорт түрі бойынша): І орын - №66 мектеп-лицейі; ІІ орын - №24 орта мектеп; ІІІ орын - №37 мектеп-лицей. Жеңімпаз бен жүлдегер командаларды шын жүректен құттықтаймыз!