"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған бірыңғай ерлік сабақтары өткізілді

2024 жылғы 23 мамыр күні Астана қаласы жалпы білім беру ұйымдарында Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған бірыңғай ерлік сабақтары өткізілді. Ерлік сабағына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ардагерлері, қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдері шақырылды. Мақсаты: С.Нұрмағамбетовтың ерлігін дәріптеу, жастардың бойына патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.