"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

«Дидарлы жаз-2024»

Астана қаласы білім басқармасының «Жазғы демалысты ұйымдастыру туралы» 2024 жылғы 24.04. № 694 бұйрығына сәйкес (3 тармақ), 3 маусымда мектеп жанындағы "Дидарлы жаз - 2024" жазғы спорт-ойын алаңдары жұмыс істей бастайды. Спорттық-ойын алаңдарының қызметін «Өркен» БЖДТО үйлестіреді және ережелермен регламенттеледі: «Дидарлы жаз - 2024» жылжымалы ойындарынан жарыстар өткізу туралы ереже (маусым айы); «Дидарлы жаз - 2024» спорттық ойындарынан жарыстар өткізу туралы ереже (футбол, волейбол) (шілде айы); «Дидарлы жаз - 2024» (тоғызқұмалақ, асық ату/ бес асық) ұлттық ойындарынан жарыстар өткізу туралы ереже (тамыз айы).