"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Cпорттық лагерьлер өз жұмысын бастады

Астана қаласы Білім басқармасының 2024 жылғы 24 сәуірдегі №694 бұйрығына сәйкес, Астана қаласының «Алматы», «Сарыарқа», «Байқоңыр», «Есіл» аудандарының №№ 28, 30, 42, 44, 83, 86, 16, 34, 49, 54, 87, 59, 71, 78, 85, 88, 4, 18, 26, 40, 60, 61 мектептерінде ағымдағы жылдың 3 - ші маусымынан бастап спорттық лагерьлер өз жұмысын бастады. Спорттық лагерьлерге бүгінгі таңда 207 оқушы қамтылған. Аталған 22 білім беру мекемелерінің спортық лагерьлерінде футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ және тағы басқа спорттық ойындар мен спорттық іс - шаралар (эстафетлар, көңілді сөрелер, спорттық викториналар және т.б.) өткізілуде. Сонымен қатар, қаладағы көрнекті спорттық ғимараттарға экскурссиялар, әйгілі спортшыларымен кездесулер жүргізіледі. Балалардың жазғы демалысы кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы Білім беру басқармасының 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 692 бұйрығын орындау мақсатында, мектептердің спорт объектілеріндегі балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды, сондай - ақ білім беру мекемелерінің аумағында орналасқан спорт залдары мен алаңдарына (сырлау, белгілеу, қоршаулар мен жабындардың тұтастығы, футбол қақпаларын, волейбол тіректерін, баскетбол қалқандарын нығайту, футбол қақпаларында, волейбол тіректерінде, баскетбол шеңберінде тордың болуы және т. б.) және іс - шаралардың өтуі кезінде балалардың қауіпсіздігіне спорттық лагерь ұйымдастырылған білім беру мекемелерінен жауапты дене шынықтыру оқытушылары тағайындалған. Үйлестіруші: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы.