"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Алғашқы әскери және технологиялық дайындау пәні бойынша әдістемелік-нұсқаулық семинар өткізілді

Алғашқы әскери және технологиялық дайындау пәні бойынша әдістемелік-нұсқаулық семинар өткізілді

2024 жылғы 27 қыркүйекте 2024 – 2025 оқу жылындағы АӘТД пәні бойынша әскери-патриоттық тәрбие жоспары бойынша (Білім басқармасының 09.09.2024 ж. №1716 бұйрығы) жалпы білім беру мектеп және колледж АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларымен кезекті әдістемелік-нұсқаулық семинар өткізілді. Барлығы қатысқан - 97 мұғалім.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

«Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және мектептегі өрт қауіпсіздігі» – баяндамашы №20 мектептің оқытушы-ұйымдастырушы Аманбаев Абай Шаймерденович, «АӘТД оқыту кезінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану» - баяндамашы № 65 мектептің мұғалімі Кожкенова Айжан Жұматайқызы, «АӘТД пәні бойынша құжаттамасы және оқу-материалдық база» - баяндаманы оқыған № 77 мектептің мұғалімі Мукушев Жунус Шамиханович.

«Жас жауынгер» әскери-спорттық ойындарының өткізілген екі жарысының нәтижесімен таныстырған АӘТД пәнінің әдіскері Кульбаев Серикжан Туреханович.

Қонақта болған РҚБ ардагерлері ГСВГ және ГВВД Астана қаласы төрағасы Кенжегарин Сулеймен Амралинович және штаб бастығы Иманкулов Мэлс Манапұлы. Олар өз бірлестік атынан үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға мадақтама мен медальдарды табыс етті.

Келесі айға әскери-патриоттық жұмыс жоспары талқыланып бекітілді.