"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Кросстан өткен жарыстың жүлдегерлері марапатталды

Астана қаласының білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты колледж студенттері Спартакиадасы мен оқушылар Гимназиадасының шеңберінде күзгі кросстан өткен жарыстың жүлдегерлері марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубок, диплом және медальдарымен марапатталды.