"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Оқушылар Гимназиадасы бағдарламасында футболдан жарыс аяқталды

2024-2025 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспары негізінде Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы 2024 жылғы 16 қыркүйек пен 4 қазан аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында қалалық оқушылар Гимназиадасы бағдарламасында футболдан жарыстар ұйымдастырып, өткізді. Жарысқа Астана қаласының 91 мектебінен 1365 оқушы қатысты. Финалдық ойындар №60 мектеп-лицейінің базасында өтті.

Аудандық жарыстардың нәтижелері:

«Алматы» ауданы:
1 орын - № 37 мектеп-лицей,
2 орын - № 57 орта мектеп,
3 орын - № 38 мектеп-лицей

«Сарыарқа» ауданы:
1 орын - № 65 мектеп-гимназиясы,
2 орын - № 61 орта мектеп,
3 орын - № 60 мектеп-лицей

«Есіл» ауданы:
1 орын - № 97 мектеп-гимназиясы,
2 орын - № 75 мектеп-гимназиясы,
3 орын - Қ. Мырза Әли атындағы БИНОМ

«Байқоңыр» ауданы:
1 орын - № 5 мектеп-гимназия,
2 орын - № 54 мектеп-лицей,
3 орын - № 27 мектеп-лицей

Қалалық финалдық жарыс қорытындысы бойынша №65 мектеп-гимназиясының құрама командасы І орынды, №60 мектеп-лицейі ІІ орынды, №31 мектеп-гимназиясы ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубок, медаль және дипломдарымен марапатталды.