2024 жылдың 31 қазан күні Астана қаласы білім беру ұйымдарының мектептер мен колледждердің Алғашқы әскери және технологиялық дайындығы пәнінің оқытушы - ұйымдастырушыларымен кезекті әдістемелік - нұсқаулық семинар №32 мектеп - гимназияда өткізілді. Семинар бағдарламасы бойынша «Пневматикалық винтовкадан тұрып, тіремей ату әдістемесі» және «Калашников автоматын уақытқа жартылай бөлшектеу мен жинақтаудың тәсілдері» тақырыптарымен №82 «Дарын» мектеп - лицейінің АӘТД оқытушы - ұйымдастырушы Мухамадиев К.Д., ал «Білім алушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу» тақырыбымен №4 мектеп - гимназияның АӘТД оқытушы - ұйымдастырушы Қасымов М.Ж. баяндап таныстырды. Келесі қарастырылатын сұрақтар: әскери - патриоттық тәрбие жұмысы туралы және 2 тоқсандағы «Жас жауынгер» әскери - спорттық ойындарының төрешілігі ортаға салып бір шешім қабылданды. Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп - гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Мектеп алдындағы АӘТД пәнінің оқытушы - ұйымдастырушы А.И. Руденконың естелік тақтайшаға гүл шоғын қою рәсімі өткізілді. Артынан А.И. Руденконың естелігіне арналған мектеп пен колледж оқытушылары арасындағы, жасына қарай, пневматикалық мылтықтан ату жарысы өткізілді.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/691-al-ash-y-skeri-zh-ne-tekhnologiyaly-dajyndy-y-p-ni-bojynsha-seminar-tkizildi.html#sigFreeIde419109ead