2024 жылдың 14 қарашада № 106 жайлы мектеп базасында «Білім беру ұйымдарындағы әскери - патриоттық тәрбиенің рөлі туралы» қалалық кеңес өтті. Кеңеске қала мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушылары қатысты.
Кеңеске қатысушылар үшін: Закиев Ерлан Садықұлы - «Әскери - стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ қорғаныс зерттеулер департаментінің бас сарапшысы, жастарға әскери - патриоттық тәрбие беру жобасының тұсаукесерімен және Руслан Арипжан - Астана қаласының «Тәжік - ауған шекарасындағы қимылдарының ардагерлері және басқа мемлекеттердің қақтығыстарына қатысушылардын ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы, жаңа қазақстандық патриотизм туралы сөз сөйледі.
«Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының бейіні бойынша әдіскерлермен қаланың білім беру ұйымдарында оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие беру және «бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін сүйемелдеу жөніндегі орталықтың жұмыс жүйесі туралы ақпарат ұсынылды.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/699-bilim-beru-jymdarynda-y-skeri-patriotty-t-rbieni-r-li-turaly-alaly-ke-es-tti.html#sigFreeIda3d0a74266