"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Ұлттық мектеп лигасы аясында баскетболдан финалдық ойындар өтті

Ұлттық мектеп лигасы аясында баскетболдан финалдық ойындар өтті

Астана қаласы білім басқармасының 2024 - 2025 оқу жылына арналған спорттық - бұқаралық, дене шынықтыру - сауықтыру және нұсқау - әдістемелік іс - шараларының күнтізбелік жоспары негізінде 2024 жылғы 21 қараша мен 20 желтоқсан күндері аралығында білім беру ұйымдарының спорт залдарында Ұлттық мектеп лигасы шеңберінде 5 - 6, 7 - 8, 9 - 11 сыныптардың ұлдары мен қыздары арасында баскетболдан жарыстар өткізілді.

Жарысқа қала мектептерінің 232 командасы және 2784 оқушы қатысты.

Бұл жарыстарды Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы, Астана қаласының баскетбол Федерациясы мен Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясы бірлесіп ұйымдастырып, өткізді.

Баскетболды оқушылар арасында насихаттау және насихаттау мақсатында елордалық баскетбол федерациясы топ - 8 (яғни 48 команда) командалары үшін баскетбол жабдықтары жиынтығын сыйға тартты.

Финалдық ойындар ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында «Назарбаев Университетінің» спорт залында өтті.

Жарыс қорытындысы:

5 - 6 сыныптар (қыздар)

1 орын - № 61 мектеп - лицей

2 орын - №28 мектеп - лицей

3 орын - № 26 мектеп - гимназия

5 - 6 сыныптар (ұлдар)

1 орын - № 53 мектеп - лицей

2 орын - № 26 мектеп - гимназия

3 орын - № 60 мектеп - лицей

7 - 8 сыныптар (қыздар)

1 орын - № 51 мектеп - гимназия

2 орын - № 61 мектеп - лицей

3 орын - №44 орта мектеп

7 - 8 сыныптар (ұлдар)

1 орын - № 62 мектеп - лицей

2 орын - № 91 мектеп - гимназия

3 орын - № 28 мектеп - лицей

9 - 11 сыныптар (қыздар)

1 орын - № 27 мектеп - лицей

2 орын - №28 мектеп - лицей

3 орын - №32 мектеп - гимназия

9 - 11 сыныптар (ұлдар)

1 орын - № 30 мектеп - гимназия

2 орын - Ы.Алтынсарин атындағы БИНОМ

3 орын - № 53 мектеп - лицей