Ұлттық мектеп лигасы аясында волейболдан финалдық ойындар өтті
Астана қаласы білім басқармасының 2024-2025 оқу жылына арналған спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру және нұсқаулық-әдістемелік іс-шараларының күнтізбелік жоспары негізінде 2025 жылғы 13-21 қаңтар аралығында білім беру ұйымдарының спорт залдарында Ұлттық мектеп лигасы шеңберінде 5-6 сыныптардың қыздар арасында волейболдан жарыстар өткізілді. Жарысқа 54 командадан 648 оқушы қатысты. Аталған жарыстарды Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы мен Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясымен бірлесіп ұйымдастырып, өткізді.
Жарыс қорытындысы:
1 орын - Ә. Бөкейхан атындағы БИНОМ
2 орын - № 7 МГ
3 орын - № 72 МЛ
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары Республикалық Ұлттық мектеп лигасында Астана қаласының атынан қатысады.