"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Колледж студенттерінің Спартакиада бағдарламасында ұлдар арасында баскетболдан жарыс аяқталды

Колледж студенттерінің Спартакиада бағдарламасында ұлдар арасында баскетболдан жарыс аяқталды

2025 жылғы 4 ақпанда Астана қаласының «Кәсіптік-техникалық колледжінде» колледж студенттерінің Спартакиада бағдарламасында ұлдар арасында баскетболдан финалдық ойындар мен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Қорытынды:

1 орын - «Астана» Халықаралық университетінің педагогикалық колледжі»;

2 орын - «Кәсіптік-техникалық колледж»;

3 орын - «Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі»

4 орын - «Қазақстан халықаралық лингвистикалық колледжі».

«Үздік ойыншы" номинациясы бойынша грамоталармен марапатталды:

Есентаев Фархад (ПКМУА); Нұрмағанбет Батырхан (ПТК); Михеенков Евгений (КазУТБ); Мурзагулов Темірлан (KILC). 

«VISTA» спорт клубынан арнайы жүлдемен Байболов Роман (ПКМУА) марапатталды. 

Жарысты ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы, «Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясы» ҚБ.