"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Ұлттық мектеп лиганың шеңберінде тоғызқұмалақтан жарыс аяқталды

2025 жылға арналған халықаралық, республикалық спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 16-20 сәуір күндері аралығында Талдықорған қаласында Ұлттық мектеп лиганың шеңберінде тоғызқұмалақтан 9-11 сынып оқуышылары арасында жарыстар ұйымдастырылып, өткізілді. Жарысқа Астана қаласының Қаныш Сәтбаев атындағы БИНОМ мектебінің оқушылары қатысып, ІІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы - Тойшыбай Тиынтай.
Құттықтаймыз!!!