2025 жылғы 30 сәуірде «Батырлар» әскери-патриоттық, спорттық орталығына «Біз Қазақстан болашағымыз!» атты колледж студенттері Спартакиадасы шеңберінде қазақ күресінен қалалық жарыс өткізілді.
Аталған турнирге елордамыздың 11 колледжінен 77 спортшы қатысты. Командалық есепте 4 орынға «Astana IT University» колледжі командасы, 3 орынға «Астана» халықаралық университетінің педагогикалық колледжі командасы, 2 орынға «Көлік және коммуникация колледжі» командасы жеңіп алса, 1 орынды Қазақ технология және бизнес Университетінің колледжі командасы жеңіп алды.
Жарыстың ұйымдастырушылары: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы, «Астана қаласының қазақ күресі федерациясы», «Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясы».
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/731-aza-k-resinen-kolledzh-studentteri-spartakiadasy-she-berinde-alaly-zharys-tti.html#sigFreeIda51db1fe2c