Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми - практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК - ның ережесіне сәйкес, «Дене тәрбиесі» бойынша оқушылардың пәндік Олимпиаданың қалалық кезеңі Астана қаласының №105 орта мектебінде 2025 жылғы 28 сәуір күні ұйымдастырылып, өткізілді. Қалалық Олимпиадаға елордамыздың 180 оқушысы қатысты (5 - 6 сыныптар - 100 оқушы, 7 - 8 сыныптар - 80 оқушы).
Қалалық Олимпиаданың қорытынды хаттамасы:
7 - 8 сыныптар:
1 орын - № 74 мектеп - гимназия
2 орын - № 4 мектеп - гимназия
3 орын - № 28 мектеп - гимназия
5 - 6 сыныптар:
1 орын - № 22 мектеп - гимназия
2 орын - № 26 мектеп - гимназия
3 орын - № 104 орта мектеп
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы, «Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясы».