"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Елордалық оқушылар жүлдегер атанды Ұлттық мектеп лигасы

2025 жылғы 5 - 8 мамырда Астана қаласының «Альфа - Джим» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми - практикалық дене тәрбиесі орталығы» ұйымдастырған 7 - 8 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасындағы республикалық Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасында шахмат бойынша жарыстардың қорытындысы шығарылды. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 18 команда қатысты. Астана қаласының құрама командасы №89 мектеп - лицейінің 4 оқушысымен (Бұхарбаев Рахат, Нариман Алдияр, Оралбеков Эльдар, Оразбай Анель) жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды иеленді.
Бапкер - өкіл - Болатұлы Ернар.
Құттықтаймыз!!!