Астана қаласының білім беру ұйымдарының 2024 - 2025 оқу жылына арналған әдістемелік - нұсқаулық, спорттық - бұқаралық және дене шынықтыру - сауықтыру, әскери - спорттық іс - шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты колледж студенттері Спартакиадасының шеңберінде футболдан жарыстар 2025 жылдың 21 мамыр күні аяқталды.
Жарыстар 2025 жылғы 12 - 21 мамыр күндері аралығында ұйымдастырылып, өткізілді. Жарысқа Астана қаласының 20 колледждерінен 280 спортшы қатысты.
Жарыстың үздік ойыншылары:
Қалмет Ақарыс - «Шипагер» колледжі;
Мұстафа Айбол - «Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі»;
Сапабек Әлихан - «М.Жұмабаев атындағы халықаралық жоғары колледжі»;
Садықов Дильшат - «Астана» халықаралық универститетінің педагогикалық колледжі.
Командалық есеп:
4 орын - «Шипагер» колледжі;
3 орын - «Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі»;
2 орын - «М.Жұмабаев атындағы халықаралық жоғары колледжі»;
1 орын - «Астана» халықаралық универститетінің педагогикалық колледжі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және кубокпен марапатталды.
Марапаттау рәсімін Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Сыздықов Ғинаят Хамитұлы мен «Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясы» ҚБ - ның төрағасы Аяшев Садық Ақыласұлы жүргізді.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы мен «Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясы».
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/740-kolledzh-studentteri-spartakiadasyny-she-berinde-futboldan-zharys-aya-taldy.html#sigFreeId89ed21e696