2025 жылдың 28 тамызында №99 мектебінде «Білім беру жүйесіндегі дене шынықтыру және спорт: тәжірибе және даму перспективалары» атты қалалық нұсқаулық-әдістемелік кеңес өтті. Кеңес жұмысына Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының мамандары, мектептердің дене шынықтыру мұғалімдерінің ӘБ басшылары және қалалық қауымдастық мүшелері қатысты. Кеңеске қатысушылардың назарына ҚР ОАМ ҰҒПДТО қызметінің басым бағыттары туралы ақпарат ұсынылды. «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру туралы, «Дене шынықтыру» пәні бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың ерекшеліктері туралы, орта білім беру ұйымдарында дене шынықтыруды енгізу туралы, оқушылардың спорттық шеберлігін арттырудағы спорт сыныптарының рөлі туралы. «Дене шынықтыру сабақтарында және сабақтан тыс жұмыстарда техника қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы», «2025-2026 оқу жылына арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспары туралы», «2025-2026 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік іс-шаралар жоспары туралы» және т.б. мәселелерге ерекше назар аударылды.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/744-2025-2026-o-u-zhylyna-alaly-n-s-auly-distemelik-ke-es-tti.html#sigFreeId7e9b7eccc4