"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Елорданың білім беру мекемелерінде дене шынықтыру жаттығулары енгізілді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 3-05-4/5704-И тапсырмасын орындау мақсатында, елімізде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқу-тәрбие процесіне физикалық жаттығулар енгізілді.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде елорданың барлық оқу орындарында оқушылардың, оқытушылардың және шақырылған қонақтардың қатысуымен дене шынықтыру жаттығулары өтті.

Бейне #астанафиззарядка2025 хэштегімен жарияланды.