"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Колледж студенттерінің Спартакиадасы бағдарламасында үстел теннисінен жарыс аяқталды

2025 жылдың 21 қазанында Астана қаласының «Сервис және туризм колледжінде» колледж студенттерінің Спартакиадасы бағдарламасында үстел теннисінен жарыс өтті.
Жарысқа елорданың 26 колледжінен 78 оқушы қатысты.
Қорытынды:
1 орын - «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі»;
2 орын - «М. Жұмабаев атындағы жоғары халықаралық колледжі»;
3 орын - «Astana Polytechnik» жоғары колледжі;
4 орын - «Astana IT University колледжі».

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль және дипломдармен марапатталды. Жарыстың ұйымдастырушылары: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы мен «Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясы».