"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Ашық есік

№5573 әскери бөлімінде «Ашық есік» күні өтті

2025 жылдың 14 қараша күні «Өркен» БЖДТО-ның «Батырлар» әскери-патриоттық орталығы мен Сарыарқа ауданының қорғаныс істері басқармасы бірлесіп ұйымдастырған «Үркер» тұрғын ауданында орналасқан №5573 әскери бөлімінде «Ашық есік» күні өтті. Аталған іс-шараға Астана қаласы бойынша білім беру ұйымдарының білім алушылары мен «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты. Барлығы - 140 адам. 
Білім алушылар әскери бөлімінің күнделікті өмірімен, қару-жарақ және техникасымен, ит өңдеушілердің қызметі атқаратын ерекшеліктерімен, сарбаздардың тұратын казармаларымен және Қазақстан Республикасының жоғары әскери оқу орындарына түсу туралы үгіт жұмыстарымен танысты.