"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Оқушылар Гимназиадасы бағдарламасында баскетболдан жарыс аяқталды

жылғы 6 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы 2025-2026 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспары негізінде, қалалық оқушылар Гимназиадасы бағдарламасында 9-11 сынып ұлдар мен қыздар оқушылары арасында баскетболдан жарыстар ұйымдастырып, өткізді. Жарысқа 1512 оқушы (432 - қыздар, 1080 - ұлдар), сондай-ақ қыздар арасындағы жарыста 36 мектеп және ұлдар арасындағы жарыста 90 мектеп қатысты. Финалдық ойындар № 100 жайлы мектеп базасында өтті. 

Аудандық жарыстардың нәтижелері (қыздар):

«Алматы» ауданы:

1 орын - № 28 мектеп-лицей,

2 орын - № 44 орта мектеп,

3 орын - № 51 мектеп-лицей

«Сарыарқа» ауданы:

1 орын - № 2 мектеп-гимназия

2 орын - № 26 мектеп-гимназия

3 орын- № 6 мектеп-гимназия

«Есіл» ауданы:

1 орын - Ы.Алтынсарин атындағы БИНОМ

2 орын- № 77 мектеп-гимназия

3 орын - Қ. Сәтбаев атындағы БИНОМ

«Байқоңыр» ауданы:

1 орын- № 4 мектеп-гимназия

2 орын - № 54 мектеп-лицей

3 орын - № 87 мектеп-гимназиясы

Қыздар арасындағы қалалық финалдық жарыстың қорытындысы бойынша І орынды №28 мектеп-лицейінің құрама командасы, ІІ орынды Ы.Алтынсарин атындағы БИНОМ, ІІІ орын - № 4 мектеп-гимназиясы жеңіп алды. Ұлдар арасындағы қалалық финалдық жарыстың қорытындысы бойынша І орынды №91 мектеп-гимназиясының құрама командасы, ІІ орынды № 61 орта мектеп, ІІІ орынды «Нұр Орда» мектеп - лицейі жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубок, медаль және дипломдарымен марапатталды.