2025 жылғы 6 қараша мен 8 желтоқсан аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы 2025-2026 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспары негізінде, 9-11 сынып оқушылары арасында қалалық Гимназиада бағдарламасында волейболдан ұлдар мен қыздар арасында жарыстар ұйымдастырып, өткізді.
Жарысқа 2 256 оқушы (1200 - қыздар, 1056 - ұлдар), сондай-ақ 100 мектеп қыздар арасындағы жарыстарға және 88 мектеп ұлдар арасындағы жарыстарға қатысты. Финалдық ойындар «Альфа джим» спорт кешенінде өтті.
Қыздар арасындағы қалалық финалдық жарыстың қорытындысы бойынша: І орынды №16 орта мектеп, ІІ орынды №82 мектеп - лицей, ІІІ орынды № 92 мектеп-лицей жеңіп алды.
Жасөспірімдер арасындағы қалалық финалдық жарыстың қорытындысы бойынша: І орынды № 4 мектеп-гимназиясының құрама командасы, ІІ орынды № 37 мектеп - лицей, ІІІ орынды № 82 мектеп-лицей жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубок, медаль және дипломдарымен марапатталды.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/762-o-ushylar-gimnazidasy-ba-darlamasynda-volejboldan-zharys-aya-taldy.html#sigFreeIdd561249878


















