"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Қалалық мектеп лигасының бағдарламасында гандболдан жарыс аяқталды

Қалалық мектеп лигасының бағдарламасында гандболдан жарыс аяқталды.
2025 жылғы 15-19 желтоқсан аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы 2025-2026 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарының негізінде. қалалық мектеп лигасының бағдарламасындағы 9-11 сынып ұлдар мен қыздар арасында гандболдан жарыстар ұйымдастырып, өткізді.
Жарысқа Астана қаласының 29 мектебінен 348 оқушы қатысты. Финалдық ойындар №40, 69 және Ы.Алтынсарин атындағы БИНОМ мектептер базасында өтті.
Жасөспірімдер арасындағы қалалық финалдық жарыстың қорытындысы бойынша І орынды № 40 мектеп-лицейінің құрама командасы, ІІ орынды № 2 мектеп - гимназия, І орынды № 70 мектеп-лицей жеңіп алды.
Қыздар арасындағы қалалық финалдық жарыстың қорытындысы бойынша І орынды Ы. Алтынсарин атындағы БИНОМ командасы жеңіп алды, П орын - № 4 мектеп-гимназия, ІІ орын № 74 мектеп-гимназия.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубок, медаль және дипломдарымен марапатталды.