"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Білім беру қызметкерлерінің Спартакиадасы шеңберінде асық атудан жарыс аяқталды

«Астана қаласы Білім басқармасының 2025-2026 оқу жылына нұсқаулық-әдістемелік, спорттық - бұқаралық, дене шынықтыру - сауықтыру және әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарды бекіту туралы» 2025 жылдың 22 тамыздағы № 1915 бұйрығына сәйкес, 2026 жылдың 5-6 қаңтар күндері аралығында Білім беру қызметкерлерінің денсаулық Спартакиадасы шеңберінде асық ату спортынан қалалық жарыс өткізілді. Жарысқа 68 мектеп 204 мұғалім қатысты. 1 орын - № 104 мектеп, 2 орын - № 84 мектеп, 3 орын - № 11 мектеп, 4 орын - № 101 мектеп. Финалдық ойындар №108 орта мектебінде өтті. Жарыс жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының диплом және медальдармен марапатталды.

 

View the embedded image gallery online at:
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/768-111.html#sigFreeIdab3f79194b