2026 жылғы 14 қаңтарда №119 мектебінде Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы» қалалық нұсқаулық-әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинарда 2026 жылы өтетін бұқаралық-спорттық іс-шаралар туралы сұрақтар талқыланып, қалалық мектеп лигасы аясында волейболдан қыздар мен ұлдар арасында өтетін жарысының жеребе рәсімі өткізілді. Семинарға «Өркен» БЖДТО басшылығы мен қызметкерлері, Астана қаласының мектептері мен колледждерінің дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің басшылары, қалалық дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының мүшелері қатысты.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/769-alaly-n-s-auly-distemelik-seminar-tti.html#sigFreeIdd2fdc87ae4


















